-A A +A

СҚО Әділет департаментіменнотариаттық мәмілелерді жарамсыз деп танудың себептері мен талаптарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2017 жылғы 09.11. нотариаттық мәмілелерді жарамсыз деп танудың себептері мен талаптарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді, мұнда СҚО Әділет департаментінің басшылары, СҚО Нотариаттық палатасының төрайымы, СҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сонымен қатар М.Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы қатысты.

Іс-шара барысында республикада жылжымайтын мүлікті меншіктен шығару жөніндегі нотариалды куәландырылған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арыздардың соттармен қанағаттандырылған санының өсуі туралы Қазақстан Республикасының Жоғары сотымен көтерілген мәселе белгіленді.

Осыған байланысы нотариустармен мәмілелердің заңдылығын қамтамасыз ету бөлігіндегі заңнаманы жетілдірудің мүмкіншіліктері туралы мәселе қарастырылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша 2017 жылы соттарға берілген нотариаттық іс-әрекеттерді жарамсыз деп тану туралы талап арыздардың жалпы азайғаны туралы айтылып өтті. Сонымен бірге, облыстың нотариаттық палатасымен нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмысты күшейту ұсынылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі