-A A +A

СҚО Әділет департаментімен жергілікті бюджеттерді бекіту бойынша нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласындағы ҚР заңнамасының кейбір нормаларын түсіндіру мақсатында кустарлық семинар өткізілді

2017 жылғы 6 желтоқсанда СҚО ӘД нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі Тайынша, Айыртау, Ақжар және Уәлиханов аудандарының селолық округтері әкімдерінің қатысуымен жергілікті бюджеттерді бекіту бойынша нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласындағы ҚР заңнамасының кейбір нормаларын түсіндіру мақсатында кустарлық семинар өткізді.

Аталған іс-шара СҚО Тайынша ауданының Тайынша қаласына шығу арқылы жүргізілді, мұнда екі мәселе қарастырылды, оның біріншісі бойынша СҚО ӘД нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Қ.А. Таласбаева «Жергілікті бюджеттерді бекіту бойынша нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласындағы ҚР заңнамасының кейбір нормаларын түсіндіру» тақырыбына сөз сөйледі. Екініші мәселе бойынша СҚО ӘД нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Ғ.С. Есімғалиева «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау тәртібі» тақырыбына сөз сөйледі.

ҚР «ҚР-ғы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың саны екі мыңнан астам әкімшілік аумақтық бірліктерде аудандық маңызы бар қалалардың, селолардың, кенттердің, селолық округтердің деңгейінде жергілікті өзі-өзін басқарудың дербес бюджеті енгізілуде (бюджеттің 4 деңгейі) екенін еске саламыз.

Осы іс-шараның мақсаты селолық округтердің әкімдеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету және нормашығармашылық қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерді баяндау болды.

Өткізілген кездесудің қорытындысы бойынша селолық округтердің әкімдеріне нормативтік құқықтық актілерді әзірлеген кезде нормативтік құқықтық аткілерді басып шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеуді және жариялауды реттейтін заңнамалық актілерді қатаң сақтау ұсынылды.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі