-A A +A

СҚО Әділет департаментімен жергілікті бюджеттерді бекіту бойынша нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласында ҚР заңнамасының кейбір нормаларын түсіндіру мақсатымен топтық семинар өткізілді

2017 жылғы 28 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын және Тимирязев аудандарының селолық округтері әкімдерінің қатысуымен жергілікті бюджеттерді бекіту бойынша нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласында ҚР заңнамасының кейбір нормаларын түсіндіру мақсатымен  топтық семинар өткізді.

Аталған іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишимское селосына шығу арқылы жүргізілді, мұнда екі мәселе қарастырылды, олардың бірі СҚО ӘД нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Қ.А. Таласбаеваның «Жергілікті бюджеттерді бекіту бойынша нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласында ҚР заңнамасының кейбір нормаларын түсіндіру» тақырыбына сөз сөйлеуі болды.

Екініші мәселе – СҚО ӘД нормативтік құқықтық акиілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Ғ.С. Есімғалиеваның «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау тәртібі» тақырыбына сөз сөйлеуі.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың саны екі мыңнан астам әкімшілік-аумақтық өлшемдерінде аудан маңызы бар қала, село, кент, селолық округ деңгейінде жергілікті өзі-өзін басқарудың өз-бетінше бюджет енгізілуде (бюджеттің 4 деңгейі) екенін естеріңізге саламыз. Осы іс-шараның мақсаты селолық округтердің әкімдеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету және нормашығармашылық қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерді баяндау болды.

Өткізілген кездесудің қорытындысы бойынша селолық округтердің әкімдеріне нормативтік құқықтық актілерді әзірлеген кезінде нормативтік құқықтық аткілерін басып шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеуді және жариялауды реттейтін заңнамалық актілерді қатаң сақтау ұсынылды.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі