-A A +A

СҚО Әділет департаменті нотариустармен семинар өткізді

2017 жылғы 22 желтоқсанда СҚО ӘД облыстың Нотариаттық палатасымен бірлесіп облыстың Прокуратурасы, Жер қатынастары басқармасы өкілдерінің қатысуымен семинар өткізді.

Кездесу барысында фермер (шаруа) қожалықтарының жалпы ортақ меншіктегі үлестерін бөлу бойынша нотариаттық тәжірибеде туындайтын мәселелі сұрақтар, шетел элементімен нотариаттық іс-әрекет жасаудың жалпы ережелері талқыланды. Сонымен қатар, 2012-2017жж. кезеңіне арналған нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тарту туралы қаулылар шығару бойынша нотариаттық тәжірибенің қорытындылауы тыңдалды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша мерейгерлерді құттықтау ұйымдастырылды.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі