-A A +A

СҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары облыстық телерадиоарнасының эфирінде «Честно говоря» ток-шоуында қатысты

2017 жылдың 12 ақпанында Қазақстан халқына Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші модернизациялануы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауын және Мемлекет басшысының арнайы үндеуін талқылау бойынша СҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Д.В. Колода «Қазақстан-Петропавл» облыстық телерадиоарнасында «Честно говоря» ток-шоуына қатысты.

Іс-шараға СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, СҚО кәсіпорын палатасы директорының орынбасары, «Іскерлік әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Петропавл қ. әкімдігі қоғамдық кеңесінің төрағасы қатысты.

Сөз сөйлеу барысында СҚО ӘД басщысының орынбасарымен «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының 27 қадамын - жеке сот орындаушыларының институтын ары қарай дамытуын іске асыру шенберінде әділет органдарымен өткізілетін жұмыс туралы; Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін жақсарту бойынша жүргізілген жұмыс туралы; мемлекеттік қызметтерді көрсеткенде әкімшілік кедергілерді қысқарту туралы айтылды.

Сонымен қатар Конституциямен бекітілген өкілеттіліктерді қайта қарау, сондай-ақ заңдармен белгіленген және Мемлекет басшысы ретінде Республика Президентінің конституциялық мәртебесін қозғамай, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу бойынша Республика Президентінің өкілеттілігін төмен тұрған деңгейге тапсыруына мән берілді.

Кездесу соңында ҚР Президентінің Жолдауы барлық елімізге маңызды қоғамдық-саяси оқиға болып табылды. Басты бағдарламалық құжатта таяудағы жылға еліміздің өркендеу маңызды басымдылықтары салынды.

                                                                      Солтүстік Қазақстан облысы

                                                                      Әділет департаментінің

                                                                      баспасөз қызметі