-A A +A

СҚО Әділет департаменті басшысының халық алдындағы есептік кездесуі

Бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлттық жоспарының 95 тармағын іске асыру шеңберінде, 2017 жылғы 4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Руслан Кактайдың халық алдындағы есептік кездесуі өтті.

Есептік кездесуге СҚО ӘД басшысының орынбасарлары, СҚО ӘД құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, СҚО Кәсіпкерлер палатасы, Жеке сот орындаушылары палатасының және СҚО Нотариаттық палатасының өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары және тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында басшымен 2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары бойынша СҚО әділет органдары қызметінің негізгі мәселелері бойынша жұмысын баяндады, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, атқарушылық өндіріс, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруіне қатысты мәселелер бойынша енгізілген өзгерістерді атап өтті.

 «Алименттер. Төлемеуге 30 қадам» жоспарын іске асыруға, сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін біріктіру және азаматтардың өмірлік беделін актуальдандыру бойынша ерекше назар аударылды.

Сөз сөйлеу соңында басшы аумақтық әділет органдарымен азаматтардың ажырамас конституциялық құқықтарды іске асыруы үшін барлық жағдайлар жасалып отырғанын атап өтті.

Азаматтардан келіп түскен барлық сұрақтарға білікті жауаптар берілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі