-A A +A

СҚО Әділет департаменті БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді

А.ж. 22 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы Руслан Сұлтанұлы Кактайдың, жеке тәжірибеден өтуші заңгерлердің құрамында әзірлеушісі ҚР Әділет министрлігі болып табылатын ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының басты ережелерін түсіндіру бойынша спикерлер пулы өтті.

Кездесу барысында заң көмегін көрсету саласындағы жоспарланып отырған өзгерістер туралы ақпарат облыстың баспа БАҚ өкілдерінің мәліметіне жеткізілді. Заң кеңесшілері деп аталатын коммерциялық, жеке тәжірибемен шұғылданушы заңгерлердің қызметіне назар аударылды.

Жаңа заң қабылданғаннан кейін жеке тәжірибемен шұғылданушы заңгерлердің қызметі оларды палаталарға біріктіру арқылы реттелетін болады. Міндетті түрде мүше болу заң көмегі сапасының стандарттарын орнатуға, заң көмегі сапасының критерийлерін бақылауға, сонымен қатар бұл ықылассыз заңгерлерді палатадан шығаруға дейін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді, бұл олардың алдағы уақытта халыққа сапасыз заң көмегін көрсетуіне жол бермейді.

Бұдан артық, төрағасы Әділет департаментінің басшысы болып табылатын «Қазақстандық заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы және облыстың заң фирмалары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандумды жасаудың мақсаты халықты құқықтық біліммен қамтамасыз ету мәселесін шешу, сонымен қатар тегін заң қызметін көрсету болды.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі