-A A +A

СҚО-да «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

2017 жылғы 12 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті бөлімдерінің басшыларымен, «Содружество» Солтүстік Қазақстандық Медиация және Құқық орталығы» ҚБ өкілдерімен, Солтүстік Қазақстан нотариаттық округінің жеке нотариусымен «Семейный» гипермаркетінің ғимаратында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты - әділет органдары жұмысының айқындығын, ҚР Әділет министрлігіне қатысты мәселелерде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, халыққа кеңестік көмек көрсету болды.

Аталған іс-шара шеңберінде медиация тәртібінің ерекшеліктері туралы ақпарат халықтың мәліметіне жеткізілді. Бұдан артық, азаматтардың қабылдауы ұйымдастырылды, оның барысында 30 артық адамнан алименттерді төлеуге, заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын тіркеуге, тұрғын үйді тіркеу мерзімдеріне, медиация өткізу тәртібіне, сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыруға қатысты сұрақтар келіп түсті. Барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.

Аталған акцияға қатысты азаматтар жағынан оң сын-пікірлер бар екенін атап өткен жөн, өйткені оны өткізудің басты мақсаты құқықтық көмек көрсету және кеңестер беру болып табылады.

«Әділет кенес береді» акциясы «Семейный» гипермаркетінде ай сайын өткізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі