-A A +A

СҚО-да АХАТ қызметкерлері үшін «біріккен» семинар өтті

2017 жылғы 12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеуді бақылау және қамтамасыз ету бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына шығумен АХАТ бөлімінің қызметкерлері үшін «біріккен» семинар өткізді. Семинарға Айыртау, Ақжар және Уәлиханов аудандарының АХАТ қызметін атқаратын мамандары қатысты.

Кездесу барысында АХАТ қызметкерлері жұмыс тәжірибелерімен алмасып, тәжірибелік қызметте туындайтын азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша даулы мәселелерді шешті, жұмысты жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізді.

Іс-шараның нәтижесі бойынша, ЖАО қызметкерлері өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауаптар алды, сонымен қатар халыққа мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету және сапасын жақсарту мақсатында облыстың АХАТ қызметкерлерімен тиісті ұсыныстар әзірленді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі