-A A +A

СҚО ӘД кезекті аттестаттау өткізілді

2017 жылдың 29-30 маусымында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде құрылған әділет аттестаттау комиссиясымен адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың кезекті аттестаттауы өткізілді.

Аттестаттау екi кезеңнен құрылды: компьютерлiк тест тапсыру және үміткерлердің бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексеру.

Адвокаттық қызметпен айналысу үшін аттестаттау нәтижелері бойынша 6 қатысушыдан 5 адам оң шешім алды, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына қатысқан 2 үміткер аттестаттау комиссияның оң шешімін 1 үміткер алды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

 Әділет департаментінің

баспасөз қызметі