-A A +A

Жаңалықтар

СҚО М.Жұмабаев ауданындағы «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

2017 жылғы 23 қарашада СҚО М.Жұмабаев ауданының әділет басқармасы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында ауданның сот орындаушысымен, адвокатпен, нотариуспен және жұмыспен қамту бөлімі қызметкерімен бірлесіп медициналық сақтандыру бойынша «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

СҚО Айыртау ауданының әділет басқармасында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өтті

2017 жылғы 23 қарашада «Әділет органдары кеңес береді» республикалық акциясы аясында СҚО Айыртау ауданы әділет басқармасының қызметкерлерімен, аға сот орындаушысымен, медициналық сақтандыру қоры филиалының өкілдерімен Айыртау ауданының «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірлесіп азаматтардың қабылдауы жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - әділет органдары жұмасының ашықтығын, КР әділет министрлігіне қатысты мәселелер бойынша халықтың  құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету, халыққа кеңестік көмек көрсету болып табылады.

Өткізілген «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы туралы ақпарат

2017 жылғы 23 қарашада Уәлиханов ауданының әділет басқармасы «Нұр Отан» партиясының Уәлиханов аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерінің қатысуымен «Әділет кеңес береді» республикалық акциясын өткізді.

Кездесу барысында тұрғындардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу, медициналық сақтандыру бойынша сұрақтар келіп түсті.

Кездесудің соңында акцияны ұйымдастырушыларға оны өткізген үшін алғыстарын білдірді.

СҚО Әділет департаментінің

СҚО-да «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өткізілді

2017 жылғы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ СҚО бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облысы филиалымен бірлесіп әділет органдары қызметінің негізгі бағыттарына қатысты мәселелер бойынша «Әділет кеңес береді» республикалық акциясын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты - әділет органдары жұмысының айқындығын, ҚР Әділет министрлігіне қатысты мәселелерде халықтың құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету, халыққа кеңестік көмек көрсету болды.

СҚО-да ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының талқылауы өтті

2017 жылғы 23 қарашада СҚО Әділет департаментімен «адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі бағыттарын талқылау бойынша, сонымен қатар адвокаттардың процессуалдық мүмкіншіліктерін кеңейту бөлігінде ҚР қылмыстық-процессуалдық заңнамасына жоспарланып отырған өзгерістер бойынша СҚО Әділет департаментінің басшысынан, «Содружество» Солтүстік Қазақстандық Медиация және Құқық Орталығы» ҚБ төрайымы мен кәсіби медиаторларына

СҚО Әділет департаментінде Мемлекеттік органдары заң қызметінің Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті

2017 жылғы 21 қарашада СҚО Әділет департаменті басшысының төрағалығымен 30 артық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік органдары заң қызметінің Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

СҚО Мамлют ауданында ашық есік күні өтті

2017 жылғы 20 қарашада СҚО Мамлют ауданының сот орындаушыларының аумақтық бөлімі алименттерді өндіріп алу бөліміндегі атқарушылық өндіріс мәселелері бойынша азаматтардың қабылдауын жүзеге асырды.

Кеңес алу үшін 3 азамат жүгінді, оларға атқарушылық өндірістер бойынша туындаған сұрақтарына жауаптар берілді. Бұдан артық, борышкердің өтініші бойынша атқарушылық өндіріс материалдарымен таныстыру жүргізілді.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі

Мамлют ауданы Әділет басқармасында «Құқық қоргау қызметін процестік негіздерін жаңғырту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша «дөнгелек үстел» өтті

Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметін процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындауда 2017 жылғы 20 қарашада Мамлют ауданының әділет басқармасы Мамлют ауданы адвокатының, аудандық ішкі істер бөлімі өкілінің және әділет басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемелекеттік тіркеудің тәртібі мен мерзімдері» тақырыбына дәріс оқылды

2017 жылғы 17 қарашада Уәлиханов ауданының әділет басқармасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарының қатысуымен  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемелекеттік тіркеудің тәртібі мен мерзімдері» тақырыбына дәріс оқыды.

СҚО Аққайын ауданында «Құқық қорғау органдарының процессуалдық негіздерін жаңғырту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын түсіндіру бойынша жұмыс кездесуі өтті

2017 жылғы 17.11. Аққайын ауданының әділет басқармасы Аққайын ауданы прокуратурасының өкілдерімен және адвокатпен бірлесіп «Құқық қорғау органдарының процессуалдық негіздерін жаңғырту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын түсіндіру бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

СҚО Әділет департаментінде кенттердің, селолардың, селолық округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларының аттестаттауы өтті

2017 жылғы 16-17 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Солтүстік Қазақстан облысы кенттерінің, селоларының, селолық округтерінің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларының кезекті аттестаттауын өткізді.

Аттестаттауға барлығы 48 маман қатысты, олардың ішінен 47 адам қатысты, 1 аттестаттауға қатысқан жоқ.

Өткізілген аттестаттаудың нәтижелері бойынша 45 маман (96%) аумақтық әділет аттестаттау комиссиясының оң шешімін алды.

ДЭФ ЖБИ көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі мәселелерді түсіндіру

 

         2017 жылғы 17 қарашада СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әділет басқармасы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері үшін «ДЭФ ЖБИ көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі мәселелерді түсіндіру» тақырыбына семинар өткізді.

«Нұр Отан» партиясының ғимаратында бейнеконференция режимінде іс-шара өткізілді

2017 жылғы 17 қарашада жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында видеоконференция режимінде өткізілген «Көш көлікті болсын!» Республикалық акциясының тұжырымдамасын талқылау бойынша іс-шараға қатысты.

СҚО ӘД-де адвокаттардың процессуалдық мүмкіншіліктерін кеңейту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өтті

СҚО Әділет департаменті облыс Прокуратурасының, Ішкі істер департаментінің өкілдерімен, адвокаттармен, М.Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушысымен бірлесіп адвокаттардың процессуалдық мүмкіншіліктерін кеңейту бөлігінде ҚР «Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

СҚО ӘД терроризмге қарсы қорғаныс бойынша семинарлық сабақ жүргізілді

2017 жылғы 16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бекітілген Терроризм актісінің жасалуында қауіптің төну жағдайында, халықтың алғашқы кезекті әрекетін немес кризистік жағдайды түсіндіру бойынша 2017 жылға арналған кездесу кестесіне сай, СҚО Әділет департаментінде СҚО бойынша ҰҚКД қызметкерімен СҚО Әділет департаментінің басшылық құрамына, басшыларына, мамандарға,  бөлімдердің сот орындаушыларына семинарлық сабақ өткізілді.

Беттер