-A A +A

СҚО Аққайың ауданында «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» тақырыбына семинар өтті

2017 жылғы 05 желтоқсанда Аққайың ауданының әділет басқармасы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Аққайың аудандық бөлiмiнің қызметкерлерімен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» тақырыбына семинар өткізді.

Іс-шара барысында басқарманың бас маманы жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) растайтын құқық орнатушы және басқа да құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу қажеттілігі туралы ХҚКО қызметкерлерінің мәліметіне жеткізді. Бұдан артық мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдау кезінде қызмет алушылармен ұсынылған құжаттар топтамасының толық екенін анықтауқажет.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар барлық қойылған сұрақтарға жауаптар алды, сонымен қатар іс-шара өткізген үшін алғыстарын білдірді.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі