-A A +A

М.Жұмабаев ауданында «ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі» тақырыбына семинар өтті

2017 жылғы 07 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің М.Жұмабаев аудандық сот орындаушыларының аумақтық бөлімі» филиалы «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы» аудандық бөлімінің қызметкерлері үшін «ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі» тақырыбына семинар өткізді.

Семинар барысында негізгі әдеп нормалары талқыланды, оларға сәйкес мемлекеттік қызметкер жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытында мемлекеттік қызметкердің мінез-құлық стандарттарын сақтауға, киіміне қатысты іскерлік жалпы қабылданған стильге сәйкес келуге, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға міндетті.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі