-A A +A

«Мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеудің тәртібі» тақырыбына семинар өтті

2017 жылғы 07 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әділет басқармасы Мағжан Жұмабаев ауданының селолық округтерінің әкімдері үшін «Мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу тәртібі» тақырыбына  семинар өткізді.

Кездесу барысында әділет басқармасының басшысымен ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар топтамасын, мемлекеттік тіркеудің маңыздылығын, сонымен қатар негізгі орындаушысы ҚР Әділет министрлігі болып табылатын ДЭФ ЖБИ 4 индикаторы  түсіндірілді.

Іс-шараның соңында барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі