-A A +A

«Медиация – жанжалдарды шешу құралы» тақырыбы бойынша семинар

2017 жылғы 24 қарашада СҚО Тимирязев ауданының әділет басқармасы СҚО Тимирязев ауданы Тимирязев селолық округінің әкімі аппаратында әкім және селолық округ мамандарының арасында  «Медиация – жанжалдарды шешу құралы» тақырыбына семинар өткізді.

Кездесу барысында әділет басқармасының басшысы, медиация – бұл әлемдегі жанжалдарды шешудің танымал және талап етілген әдісі, ол қақтығыстың тараптарына ұзақ және қымбат сот процедураларын болдырмау және медиатордың көмегімен дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін береді. Медиацияның мақсаты – бұл медиацияның екі жағына да сәйкес келетін дауды шешуге қол жеткізу, сондай-ақ тараптардағы жанжалдар деңгейін төмендету болды.

Кездесу соңында медиация – бұл бейбіт жолмен қақтығыстарды шешудің бір жолы екендігі аталып өтті.

 

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі