-A A +A

Құқықтық тұжырымдама – Қазақстан Республикасы дамуының нәтижесі

2017 жылғы 22 маусымда СҚО Петропавл қаласы Әділет басқармасының мамандарымен «Құқықтық тұжырымдама – Қазақстан Республикасы дамуының нәтижесі» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Кездесу барысында, әділет басқармасы басшысының орынбасары Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасының қағидаттары мен негізгі міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі оның рөлі туралы айтып өтті.

Іс-шара соңында Қазақстанға бірыңғай құқықтық саясат қажет екені белгіленді, өйткені ҚР-да ұлттық құқықтың дамуы мемлекеттің ішкі саясатының дамуына және Конституциямен кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әсер етеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі