-A A +A

«Құқықты тіркеу құжаттарын реттеу тәртібі туралы» дөнгелек үстел

        2017 жылғы 6 қарашада Жамбыл аудандық әділет басқармасында Мемлекеттік кадастр және техникалық инспекцияның мемлекеттік корпорациясының басшысы және сәулет,  қала құрылысы басқармасының өкілдерімен «Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу құжаттарын  реттеу  тәртібі» туралы дөңгелек үстел отырысы өтті.

       Әділет басқармасының маманы аудиторияны жергілікті өзін-өзі басқарудың тәуелсіз бюджетін және коммуналдық меншіктерін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарымен , сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорын жаңарту қажеттілігі туралы таныстырды.

        Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша іс-шаралар қабылдау туралы халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі