-A A +A

«Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2017 жылғы 30 қарашада СҚО Айыртау ауданының әділет басқармасы Айыртау ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері үшін «Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шара барасында осы жоба ҚР ҚПК-де көздейтін түзетулер, «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңдары талқыланды.

Бұданартық, басшы жаңашылдықтар, «Е-қылмыстық іс» (электрондық қылмыстық істіенгізу) жобасы жайлы түсіндірді. Сонымен қатар, адвокаттардың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен қылмыстық істің жарыстастығын арттыру мәселесі талқыланды.

Кездесудің соңында қатысушылар, енгізілген өзгерістер – бұл Қазақстанның қылмыстық-процессуалдық заңнамасын дамыған еуропалық елдердің негізгі қағидаттарына сәйкес келтірудің тағы бір қадамы және құқық қорғау органдарының қызметін халықаралық стандарттарға жақындатуға көмектесетіні жайлы пікірлерін білдірді.

СҚО Әділет департаментінің

                                                                                                              баспасөз қызметі