-A A +A

«Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша «Ашық есік күні»

2017 жылғы 4 желтоқсанда СҚО Есіл ауданы әділет басқармасының басшысы Есіл ауданы «Нұр Отан» партиясының филиалында Есіл ауданы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін және азаматтарды шақырумен «Ашық есік күнін» өткізді.

Күн тәртібінің мақсаты - адамның конституциялық құқықтарын қорғауды арттыру болды. Кездесу барысында басшымен «Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша негізгі бағыттар баяндалды.

Кездесудің соңында өкілдердің барлық қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі