-A A +A

Қазіргі қоғамға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың негізгі шаралары

        2017 жылдың 11 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әділет басқармасы, «СҚО М.Жұмабаев ауданы Успен ауылдық округінің әкім аппараты» ҚММ мамандарына «Қазіргі қоғамға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың негізгі шаралары» атты тақырыбына дәріс өткізді.

         Мақсаты – мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің арасындағы коррупциялық іс-әрекеттердің көріністерің алдын-алу.

          Кездесу барысында әділет басқармасының басшысы, сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның қауіпсіздігі үшін жүйелік қатер төңдіріп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына сонымен қатар, өткізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларына кедергі жасап, халықаралық аренада, біздің мемлекеттің таңбасың жағымсыз етіп көрсетеді. Қазіргі қоғамға сай сыбайлас жемқорлықпен күресу, бұл – Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі стратегиялық артықшылығы. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат елімізде - экономикалық, әлеуметтік, саясаттық тұрақтылығын нығайтады, заңды мүдделердің, құқықтың, еркіндіктің дәрежесін  артырып, азаматтарды, жалпы қоғамды қылмыстық көріністерден сақтайтыны туралы айтып өтті.

         Кездесу аяғында барлық келіп түскен сұрақтарға жауаптар қайтарылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі