-A A +A

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әділет басқармасының басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні» тақырыбына оқыды.

Іс-шараға әділет басқармасының мамандары, сот орындаушысы, нотариус, М.Жұмабаев ауданының «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ инспекторлары қатысты.

Іс-шара барысында басшы, қатысушыларды жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатын, Қазақстанның бірлігін, Конститутцияның қорғалуын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз еткен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы ақпараттандырды. Елбасымен өткізілетін ішкі және сыртқы политика, әлеуметтік-бағдарлы экономикасы бар серпінді дамып келе жатқан, қазіргі заманға сай мемлекеттің құрылуын қамтамасыз етті.

Кездесудің соңында, елдің экономикалық проблемаларын шешу кезінде, Тұңғыш Президент – ұлт басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Бірінші Президент, Қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімге де көп көңіл бөлді, сондықтан Тұңғыш Президент Күнін барлық Қазақстандықтардың бірлігі мен толеранттылығы күні деп те айтуға болатыны айтылды.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі