-A A +A

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – басты ұлттық мереке

ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында,  2017 жылғы  15 желтоқсанда  СҚО Тайынша ауданының әділет басқармасы Тайынша ауданы сот орындаушыларының аумақтық бөлімімен бірлесіп «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – басты ұлттық мереке» тақырыбына  семинар өткізді.

Іс-шара өткізу барысында басқарма басшысы тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бірқатар кең ауқымды мемлекеттік өзгертулер жасағанын атап өтті. Экономика қайта құрылып, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар іске асырылды. Көп ұлтты республиканы дамытудың басты байлығы және жетістігі, сонымен қатар даму негізі – бейбітшілік, бірлік және тұрақтылық болды.

Іс-шараның соңында, іс-шараға қатысушылар жан-жақты және  ауқымды дамуға бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың таңдаған бағыты, бізге болашаққа күмәнсіз қарауға мүмкіндік беретінін  атап өтті.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі