-A A +A

Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаевтың халық алдында есептік кездесуі

2017 жылғы 23 маусымда СҚО Әділет департаменті басшысының, басшысы орынбасарларының, бөлім басшыларының, аумақтық бөлімдердің аға сот орындаушыларының, жақындағы аудандық басқармалары басшыларының, аумақтық бөлімдері аға сот орындаушыларының қатысуымен бейнеконференц байланыс режимінде Солтүстік Қазақстан облысының Әкімі аппаратының кіші залында халық алдында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаевтың есептік кездесуі өтті.

Іс-шараға сондай-ақ аумақтық Әділет департаменттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, қоғам өкілдері, аумақтық тұрғындар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Аталған кездесу Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды іске асыру - мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық жоспарлар және аумақтық даму бағдарламаларының маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасау тәжірибесін енгізу шеңберінде өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаев есепті кезең ішіндегі Министрліктің қызметі туралы және мекеменің алдағы жоспарлары туралы толық айтып өтті. Әділет органдарына қатысты елде іске асып жатқан реформалар туралы, стратегиялық жоспардың және Әділет министрлігінің алдында тұрған тапсырмалардың басты көрсеткіштеріне қол жеткізу жайлы мәселелер талқыланды.

Есептік кездесу соңында Әділет министрі кездесуге қатысқан азаматтардың ғана сұрақтарына жауап бермей, елдің басқа да аумақтары тұрғындарының сұрақтарына да жауап берді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі