-A A +A

«Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының міндеттері» тақырыбына Петропавл қ. ӘБ кеңес өткізілді

       2018 жылғы 11 қаңтарда Петропавл қаласы Әділет басқармасының басшысы А.К. Урикбаев басқарма мамандарымен «Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының міндеттері» тақырыбына кеңес өткізді.

       Іс-шара барысында, басшы Қазақстанның жаңа әлем озаттарының араларына кіруге қажеттілікке аса зейін қоюды қажет ететін, Жолдаудың 10 міндетін түсіндірді. Оған қоса, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары, азаматтар өтініштерінің орындалуының айқындығына және сапалы жауаптарды уақытылы алуға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік мекемелерде жұмыс барысын цифровизациялау, экономикалық дербестік пен жауапкершілік арқылы мемлекеттік қызметтің тиімділігінің әлеуетін ашуға мүмкіндік жасайтын факторлы-баллды шкала жүйесін енгізуге көңіл қойылып,  атап өтілді.

      Кездесу соңында қатысушылар қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселелері, денсаулықты сақтандыруды міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруға көшіру туралы талқылады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі