-A A +A

«Ішкі істер органдарымен өзара іс-әрекет ету» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

2017 жылғы 28.11. «СҚО ӘД Ғ.Мүсірепов ат. ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімі» Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының ІІБ қызметкерлерімен «Ішкі істер органдарымен өзара іс-әрекет ету» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» өткізу барысында борышкерлерді іздеу туралы сот ұйғарымдарын, борышкерлердің көлік құралдарын ұстау туралы сот орындаушыларының қаулыларын орындау кезінде туындайтын мәселелер, арнайы құқықтарды (жүргізуші құқығын) тоқтата тұру туралы сот ұйғарымдарын орындау туралы сұрақтар қаралды.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша тұрақты түрде іздеу салынған тұлғалар бойынша көші-қон полициясы органымен салыстыру жүргізу, ІІБ қызметкерлеріне борышкерлердің көлік құралдарын ұстау бойынша, сонымен қатар  сот ұйғарымы бойынша жүргізуші құқықтарын тәркілеу бойынша жылдам шаралар қабылдау ұсынылды.

 

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі