-A A +A

«Электрондық үкімет» порталында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша семинар өткізілді

      2018 жылдың 11 қаңтарында СҚО Шал ақын ауданының Әділет басқармасымен ауданның кәсіпкерлерінің қатысуымен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жөнінде ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты веб-порталда заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге өтініш беру туралы  семинар өткізілді.

       Іс-шара барысында әділет басқармасының бас маманы  осы енгізілген өзгеріс 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшке енгенін, сонымен қатар, кіші және орта бизнес кәсіпкерлеріне «Электрондық үкімет» порталы арқылы электронды түрде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге өтініш бергенде, автоматты түрде банктік есеп-шот ашуға, жұмысшылардың сақтандыру келісім-шарттарын құруға тапсыруға болатынын атап өтті.

         Кездесудің қорытындысы бойынша туындаған сауалдр талқыланды.

                                                                                          

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі