-A A +A

«ЭЕМ ге арналған бағдарламалардың пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен қойылатын талаптар»

2017 жылғы 10 қарашада СҚО Габит Мүсірепов атындағы ауданның әділет басқармасында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімінің өкілдерімен қатусышыларына «ЭЕМ ге арналған бағдарламалардың пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен қойылатын талаптар» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шара барысында «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының  сәйкес, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүмкін барлық түрiне қолданылады  деп түсіндірілді.

         Мемлекеттік ұйымдарымен қызметті жүзеге асыру кезінде тек қана лицензиялық бағдарламаларды пайдалану қажеттілігі назар аударылды.

         Іс – шара соңында қатысушыларға зияткерлік меншікті қорғау бойынша өзекті сұрақтарға жауабы бар ескертпелер таратылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

                                                                                                                                          баспасөз қызметі