-A A +A

«ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі: Меншік құқығын тіркеудің жеңілдетілген тәртібі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

2017 жылғы 06 желтоқсанда СҚО Есіл ауданының әділет басқармасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп Есіл ауданы «Нұр Отан» партиясының филиалында «ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі: Меншік құқығын тіркеудің жеңілдетілген тәртібі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.

Күн тәртібінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу тәртібіне қатысты мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңдарының нормалары түсіндірілді.

«Дөңгелек үстел» нәтижесі бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі