-A A +A

ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі: Құқықтық тізімдеме: ұғымы және ерекшелігі

2017 жылғы 04 желтоқсанда СҚО М.Жұмабаев ауданының әділет басқармасы М.Жұмабаев ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы - «Жылжымайтын мүлік орталығы» бөлімінің қызметкерлері үшін «ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі: Құқықтық тізімдеме: ұғымы және ерекшелігі» тақырыбына семинар өткізді.

Іс-шара барысында әділет басқармасының бас маманы ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» Заңына сәйкес құқықтық тізімдеменің құрамын түсіндірді, сонымен қатар ҚР Әділет министрлігі басты орындаушы болып табылатын, ДЭФ ЖБИ 4 индикаторы бойынша түсініктеме берді.

Іс-шараның соңында барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі