-A A +A

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобаларын талқылау

            2017 жылғы  19 қазанда  СҚО Тайынша ауданының  әділет басқармасымен   Тайынша ауданының әкімімен, прокурорымен, АІІБ бастығының, сот төрешісінің, жеке практикасымен айналысатын заңгердің қатысуымен «Адвокаттық  қызмет және  заң көмегі туралы»  және «Адвокаттық  қызмет және заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын  талқылау бойынша жиналыс өткізілді.

             Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы білікті заңды көмекті көрсету саласындағы бар проблемаларды шешуге бағытталған  заң жобаларының жаңалықтарымен және негізгі ережелерімен қатысушыларды таныстырды.

               Кездесу нәтижесінде жиналыс қатысушылары заң жобаларының негізгі ережелерін мақұлдап, оларды қабылдаудың халыққа көрсетілетін заңды көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап айтты. 

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі