-A A +A

Адвокаттармен көрсетілетін заң көмегінің түрлері

2017 жылдың 14 маусымында Мағжан Жұмабаев ауданы әділет басқармасы , аудандық «Фитосанитариялық диагностика және болжам әдістемелік орталығы» РММ мамандарына «Адвокаттармен көрсетілетін заң көмегінің түрлері» атты тақырыбына семинар өткізді.

Іс-шара барысында әділет басқармасының бас маманы, заң көмегінің негізгі түрлерін, адвокаттармен азаматтарға көрсетілетін құқықтық сұрақтар бойынша кеңестер, заңды құжаттардың рәсімделуі, сенім білдірушінің мүддесін ұсыну және «Адвокаттардың іс-әрекеті туралы» ҚР Заңы, сонымен қатар, көмекке жүгінген әрбір азамат өзіне адвокатты өзі таңдай алады, ерекше жағдайларда егер адвокат оған тегін түрде заңды көмек көрсеткен жағдайда және де қылмыстық істер бойынша егер қорғалатын адам адвокат тандамаған немесе таңдай алмаған жағдайда.

Білікті заң көмегіне құқық бұл жеке бас бостандығы, сот әділдігіне қол жетімділік,кінәсіздік презумпциясы, ар-намысты құрметтеу, адамның қадір-қасиеті және тағы басқа.Егер заңды көмек тиімді және ақылға қонымды етіліп жасалса, әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен ырыс-берекесі қорғалатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі