-A A +A

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының конституциялық негіздері

              2017 жылғы  12 шілдеде СҚО Тайынша аудандық әділет басқармасымен  Тайынша ауданының прокуратурасы  өкілдерімен бірлесіп   «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының  конституциялық негіздері»  тақырыбындағы  «дөңгелек үстел» отырысы  өткізілді.

              Іс-шара барысында  ҚР Ата заңының  мемлекет  құрылысы  мен  оның  аумақтық   тұтастығын  анықтап, құқық билігін, демократиялық тәртібін, адам және  азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, әлеуметтік және экономикалық дамуының үлгілерін белгіленгені жөнінде айтылды.  ҚР Конституциясы ел заңнамасының   дамуына    мүмкіндік жасайды.  Конституцияда белгіленген мақсаттарға  жетуге   бағытталған  «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мемлекет тарапынан қолдау тапты. «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарын  іске асыру шеңберінде  ең алдымен  Конституция   әлеуетін  жүзеге асыруға бағытталған Қазақстанның   құқықтық   кеңістігін   жаһандық   жаңарту  орнын алуда.

              Кездесу нәтижесінде барлық  қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі